КГУ "Школа-лицей №7 имени Каныша Сатпаева" отдела образования города Жезказгана управления образования области Ұлытау

Әлеуметтік педагог

Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу мақсатында 6”ә” сыныбымен “Дос болайық бәріміз!” тақырыбында тренинг өтті.
Мектеп психологы Байжиенова Г.А және  әлеуметтік педагог Абенова М.К сыныппен достық туралы сөз қозғап, түрлі жағдаяттарды шешіп, оқушылар жақын достарына хат жолдады. Топтық жұмыстар орындау арқылы сыныптастардың арасындағы қарым-қатынас күшейе түсті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» демекші, бүгін мектеп-лицейімізде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Өз үлестерін қосқан ұстаздардың атынан қамқорлықтағы екі оқушымызға – спорттық киім, мектепке киетін қалың шалбар және қысқы аяқ киім табысталды.

Соңғы кездері өршіп кеткен мектептегі мазақтау, бопсалау, кемсітулер жаңа термин енгізуге мәжбүрледі. Бұл тек біздің елдегі тендеция емес ,булингпен бүкіл әлем мектептері күресуде. Сонымен қандай жағдайда дабыл қағуымыз керек? Адам қоғамның бір мүшесі ретінде дамимын десе конфликттен құтыла алмайтыны сөзсіз.Егер де кемсіту, бопсалау зорлық-зомбылық күн сайын болса адам күйзелісте жүрсе шұғыл қол ұшын созуымыз керек. Осы орайда жасөспірімдер арасындағы қорлау, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында мектеп психологы Байжиенова Г.А мен әлеуметтік педагог Абенова М.К “Буллинг және оған қарсы тұру” тақырыбында психологиялық сағат өткізді. Слайдпен жұмыс арқылы буллинг турлері, құрбандары, тәсілдері жайлы толық мағлұмат берілді. Оқушылар алған ақпараттарын бейнеролик арқылы бекітіп, ойларын ашық ортаға салды.

11 қазан “Халықаралық қыздар күні” іс-шаралар жоспары аясында 5,6,7 сынып қыздарына “Бос уақытты пайдалы ұйымдастыру” тақырыбында мектеп-лицей әлеуметтік педагогы М.Абенова кеңес беру сағатын өткізді. Іс-шара мақсаты: оқушыларды бос уақыттарын дұрыс, тиімді, пайдалы ұйымдастыруды үйрету. Әр түрлі хоббилар жайлы ақпарат алып, түрлі жаттығулар орындады. Қыздар өз қызығушылықтарымен ой бөлісіп, жұмыстарын ортаға салды. Жалпы қатысушылар саны 175 оқушы.

14.02.2022ж “Мамандардан сұраңыз” тақырыбында құқықтық кеңес беру мақсатында мектеп-лицейіміздің әлеуметтік педагогы 8 сынып оқушы ұлдарына ПБ ЖҚПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Калмурзаев Алмат Орынбековичпен кездесу ұйымдастырды. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік желідегі қылықтары, белгіленген уақыттан кейін ата-анасыз далада жүру тақырыптарында сөз қозғалып, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.

14.02.2022ж “Мамандардан сұраңыз” тақырыбында құқықтық кеңес беру мақсатында мектеп-лицейіміздің әлеуметтік педагогы 8 сынып оқушы ұлдарына учаскелік полиция қызметкерімен кездесу ұйымдастырды. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік желідегі қылықтары, белгіленген уақыттан кейін ата-анасыз далада жүру тақырыптарында сөз қозғалып, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.

24.12.2021 жылы Жезқазған қаласының аумағында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” кеңауқымды рейдтік іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – үйсіз, қараусыз қалған балаларды анықтау, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану фактілерін анықтау, полиция бөлімінде және мектепішілік есепте тұрған балалардың, берекесіз отбасылардағы балалардың тұрмыстық жағдайы мен бос уақыттарын ұйымдастырылуын бақылау. Іс-шараға Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің педагогтар тобы атсалысты. Рейдтік іс-шара барысында ойын-сауық орындары, мектеп ауласы, мөлтек ауданының көшелері тексерілді. Түнгі уақытта қала көшесінде ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған балалар анықталмады.

11.02.2022ж күні «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы жоспарының 5-ші күніне орай, мектеп-лицейіміздің әлеуметтік педагогы  5-7 сынып оқушыларынан «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында әзірленген сауалнама алды. Қорытындысы жинақталып, оқушылардың берген жауаптары қарастырылды.

Қайырымды бола білу үлкен іс,

Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.

Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,

Біле білсең өзің үшін ол жеңіс. Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, ата-ана мен бала арасындағы жақсы қарым-қатынасты, махаббатты, жылулықты нығайту мақсатында 29 қазан «Қамқоршылар күніне» орай мектеп-лицейімізде сынып жетекші және әлеуметтік педагог ата-ана және оқушыларға онлайн іс-шара ұйымдастырды. 

01
02

Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарту, ортаға бейімдеу, қарым-қатынасты қалыптастыру, тұлғаны әлеуметтендіру мақсатында мектеп-лицей әлеуметтік педагогы Абенова М.К 7 «Г» сынып оқушыларына тренинг өткізді. Қатысқан оқушылар саны 21.

Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей ұстаздарының “Мектепке жол” акциясына қосқан үлестерінен көмек қажет ететін отбасыларынан шыққан 10 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамту мақсатында 5000 теңгеден ақшалай көмек, 5 оқушыға 75000 теңгеге күз-қыс мезгіліне арналған курткалар берілді. #2021-2022оқужылы

2020-2021 оқу жылына диаграммалық талдау

Прокрутить вверх