КГУ "Школа-лицей №7 имени Каныша Сатпаева" отдела образования города Жезказгана управления образования области Ұлытау

Хаттама №2

Қамқоршылық кенес отырысының

ХАТТАМАСЫ №2

Жезқазған қаласы 05.10.2021 ж.

Қатысқандар:

Қамқоршылық кенестің төрайымы – Серикбаева К.А.,

кенес мүшелері – Балмаганбетов С.С., Муратова Н.М., Бексұлтанова А.Д., Курманбаева Ж.Б., Абикенова А.Е., Адикамова Л.М.

Шақырылған: Қаныш Сәтбаев атындағы 7 мектеп-лицей директоры Мукашева К.Б.

Күн тәртібінде:

  1. «Мектепке жол» және «Қайырымдылық» акциясының қорытындысы туралы
  2. Оқушылардың асханадан тамақтануы. Ас мәзірін қарастыру
  3. Оқушылардың қауіпсізідігіне (әлеуметтік желідігі) байланысты мектеп-лицейде ұялы телефон ұстамауы туралы
  4. Жол – көлік оқиғасының алдын алу мақсатында мектеп-лицей алдындағы көлік кептелісінің мәселесі

Тыңдалды:

  1. К.Б.Мукашева – «Мектепке жол» және «Қайырымдылық» акциясының қорытындысы бойынша биылғы оқу жылында азқамтылған отбасынан шыққан 75 оқушы тегін ыстық тамақпен және жалып оқумен қамту қорынан мектеп формасы мен аяқ киіммен, оқу құралдарымен қамтылды. 1-4-сынып оқушылары толық 607 оқушы жергілікті қаражат есебінен тегін тамақтанып отыр. «Қайырымдылық» акциясы аясында мектеп мұғалімдерінің ерікті түрде қайырымдылыққа берген қаражатына 5 оқушыға 75000 тг.көлемінде ( әрқайсысы 15000 тг.) қыстық курткамен, 10 оқушыға 50000 тг. (әрқайсысына 5000 тг.көлемінде) оқу құралдарымен қамтылды.
  2. К.Б.Мукашева – оқушылардың асханадан тамақтануы: 75 оқушы тегін ыстық тамақпен және жергілікті қаражат есебінен тегін 1-4-сынып (607 оқушы) оқушылары тамақтанып отыр. Бекітілген ас мәзіріне ата-аналар мен оқушылардың сұранысына қарай өзгерістер енгізу ұсынылды. 2 апталық ас мәзіріне қамқоршылық кеңес мүшелері мен жеке кәсіпкер Ж.Құтыбаева және директордың келісімен өзгерістер енгізілді.
  3. К.Б.Мукашева – оқушылардың қауіпсізідігі яғни, әлеуметтік желідегі әртүрлі нысандағы топтардағы келеңсіз іс-әрекеттерге еліктуі оқушының сабақ оқуы мен тәртібіне кері әсерін тигізуіне байланысты мектеп-лицейде ұялы телефонды сабақ үстінде ұстамауы туралы ұсыныс жасаймын. Осы туралы ата-аналарда хабардар болуы қажет.
  4. К.Б.Мукашева – мектеп-лицей оқушыларының мектепке келіп-кетуі уақытындағы жол қауіпсіздігі мен жол – көлік оқиғасының алдын алу мақсатында мектеп-лицей алдындағы көлік кептелісінің мәселесі қатты алаңдатып отыр. Көлік кептелісін болдырмау мақсатында мектеп алдына арнайы көлік тұрағын жасау бұған дейінде бірнеше жыл көлемінде көтеріліп келе жатқандығын өздеріңізде білесіздер. Бұл мәселе жөнінде қала басшылары, тиісті мекемелерге, қалалық мәслихат депуттарына хат жазылған. Дегенмен мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр.

Шешім:

  1. «Мектепке жол» және «Қайырымдылық» акциясының қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын
  2. Оқушылардың асханадан тамақтануы өз деңгейінде орындалуда. Ас мәзіріне қамқоршылық кеңес мүшелері мен жеке кәсіпкер Ж.Құтыбаевалардың келісілген өзгерістері енгізілсін. Және ас мәзірі қадағалансын.
  3. Оқушылардың қауіпсізідігіне (әлеуметтік желідігі) байланысты мектеп-лицейде сабақ уақытында ұялы телефон ұстамауы туралы оқушыларға жадынама жасалынып, таныстырылып, жұмыс жүргізу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Омароваға және сынып жетекшілеріне тапсырылсын.
  4. Жол – көлік оқиғасының алдын алу мақсатында мектеп-лицей алдындағы көлік кептелісін болдырмау мақсатында арнайы көлік тұрағын қарастыру тағы да тиісті мекелерге шығу қарастырылсын.

Қамқоршылық кенестің төрайымы  Серикбаева К.А.

Хатшы Бексұлтанова А

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх