Қамқоршылық кенес отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Жезқазған қаласы 08.09.2021 ж.
Қатысқандар:
Қамқоршылық кенестің төрайымы – Серикбаева К.А.,
кенес мүшелері – Рахымбеков Ә.Б., Балмаганбетов С.С., Муратова Н.М., Бексұлтанова А.Д., Комарова А.К., Смагулов С.Ж., Курманбаева Ж.Б., Омаров М.Ш., Абикенова А.Е., Адикамова Л.М.
Шақырылған: Қаныш Сәтбаев атындағы 7 мектеп-лицей директоры Мукашева К.Б.
Күн тәртібінде:
- 2021-2022 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес мүшесі құрамын қайта тағайындау
- 2021-2022 оқу жылында ҮОЖ бойынша 6 күндік оқуға көшу туралы.
- Оқушылардың асханадан тамақтануы.
- Карантиндік шаралары мен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, оқушы денсаулығын сақтау.
Тыңдалды:
- Мукашева К.Б. -2021-2022 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес мүшесі құрамын қайта тағайындау мәселесіне тоқталды.
2020-2021 оқу жылындағы кеңес құрамындағы тұлғалардың әртүрлі себептерге байланысты кеңес мүшелігінен шығуына байланысты құрамға жаңадан өзгерістер енгізілді. Кеңес құрамымен таныс болыңыздар
№ | Аты-жөні, тегі | Лауазымдық қызметі |
1 | Серикбаева Клара Алдияровна | Қаз АЖИ , басшы |
2 | Рахымбеков Әділбек Бөлегенұлы | Жеке кәсіпкер ИП “Рахымбеков” |
3 | Балмаганбетов Саят Сәбиевич | Жезқазған қаласы спортты дамыту орталығының президенті, депутат |
4 | Муратова Назгуль Муратовна | “Ютария Ltd ” ӨИК, есепші |
5 | Бексұлтанова Айнур Даулетовна | №8 «Айсулу» балабақшасы, психолог |
6 | Комарова Айжан Комаркызы | Жезқазған бизнес және көлік колледжі, директор орынбасары |
7 | Смагулов Сакен Жакияұлы | «Кәсіпқорған» ЖСР, кәсіподақ төрағасы |
8 | Курманбаева Жансауле Бөлтириковна | ІІО зейнеркері, полиция майоры |
9 | Омаров Медет Шамшадинович | Жеке сот орындаушы, мектеп-лицей ата-аналар комитеті төрағасы |
10 | Абикенова Айнур Еркиновна | Көп балалы ана, Қыздар кеңесі төрайымы |
11 | Адикамова Ляззат Муратовна | ЖШМ «Шаруа орталығы», есепші |
- Мукашева К.Б. – мектеп-лицей директоры: Биылғы оқу жылында мектеп-лицейде ҮОЖ бойынша 6 күндік сабақ кестесіне көшіп отырмыз. Бұл мектеп-лицей бағыты болғандықтан лицейлік компаненттердің болуы мен қазіргі уақыттағы короновирустық инфекцияның сақтық шараларын сақтауға байланысты болып отыр. Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар: сынып кабинеттерін желдету, дымқыл жуып алу мен кварцтауды жүргізу ауысым арасында болуы. Және де оқушының қауіпсіздігі, яғни оқушылардың кешкі қараңғы уақытқа қалмау мәселесі.
- Биылғы оқу жылында 1-4-сынып оқушылары және аз қамтылған отбасынан шыққан 75 оқушы мектеп асханасынан тегін тамақтанады.
- Қазіргі уақыттағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ауысым арасындағы дымқыл жуып алу, сынып кабинеттерін желдету, кварцтау іс-шараларын жүргізіп отырмыз. Оқушылар мен мектептің барлық қызметкерлеріне маскалық режим қатаң сақталады.
Шешім:
- 2021-2022 оқу жылында 6 күндік сабақ кестесі қабылдансын.
- 2021-2022 оқу жылында мектеп асханасынан 1-4- сынып оқушылары тегін тамақтансын. Оқушылардың мектеп асханасынан тегін тамақтануды мектеп арендаторы Ж.Құтыбаева жүзеге асырсын. Және тамақтануды мектеп-лицей директорының орынбасары К.Омарова, мектеп-лицей әлеуметтік педагогі М.Абенова мен мектеп-лицей медбибісі С.Акылбековаға тапрсырылсын.
- Мектеп-лицейде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылсын. Қадағалау мектеп-лицей медбибісі С.Акылбекова мен мектеп-лицей директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Д.Ақдаулетоваға жүктелсін.
Қамқоршылық кенестің
төрайымы Серикбаева К.А.
Хатшы Бексұлтанова А.Д.