КГУ "Школа-лицей №7 имени Каныша Сатпаева" отдела образования города Жезказгана управления образования области Ұлытау

Қамқоршылық кеңес отырысының № 3 хаттамасы «30 » қаңтар 2021 жыл

Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі»  КММ-сі

Қамқоршылық кеңес отырысының

№ 3 хаттамасы

«30 » қаңтар   2021 жыл

Қатысқандар-13

Төрайымы- Серикбаева Клара Алдияровна

Хатшы- М.Жумабекова

 

Күн тәртібінде:

 

1.Оқушылардың қысқы демалысы мен жаңа жылдық  мерекені ұйымдастырудағы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің, ата-аналардың  көмегі.

  1. Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыруда халықаралық,республикалық, облыстық конференцияларға қатысушы оқушыларға қолдау көрсету.
  2. «Сенім» телефоны және жәшігі жұмысының жүргізілуі.
  3. «Қамқор» акциясының өтілу барысы.

Тыңдалды:

1.Бірінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңесі төрайымы Серикбаева Клара Алдияровна – қашықтықтан оқыту барысында ешқандай балаларға ата-аналар тарапынан көмек көрсетілмегенін хабардар етті.

2.Екінші сұрақ бойынша Бексұлтанова Айнур Даулетовна    – кеңес мүшесі оқушылардың шығармашылығын арттыруда, оқушыларға ешқандай қолдау көрсетілмегенін, пандемияға  байланысты себептерін айтты.

3.Үшінші сұрақ бойынша Курманбаева Жансауле Бөлтириковна -кеңес мүшесі мектептегі “Сенім” телефоны және жәшігінің орнатылып, жұмыс жүргізіліп жатқанын, жәшікке ешқандай мәлімет түспегені жайлы хабардар етті.

4.Төртінші сұрақ бойынша Серикбаева Клара Алдияровна -кеңес төрайымы биылғы жылы “Қамқор” акциясының өтетін мерзімі мен мақсатымен таныстыра келіп, қашықтықтан оқытылу үрдісіне байланысты ешқандай жұмыстың жүргізілмегенін баяндады.

 

ШЕШІМ:

1.Бірінші және екінші сұрақтарға байланысты іс-шаралар болған жағдайда, көмек көрсетілсін.

2.”Сенім” телефоны және жәшігімен жұмыс, одан әрі жұмысының жүргізілуі қадағалансын.

3.”Қамқор” акциясы жұмысы жүргізілсін.

 

 Төрайымы:   К.А.Серикбаева

Хатшы:   М.Жумабекова

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх